Жаңалықтар

Премьер-министрдің кандидатурасына Олжас Бектенов ұсынылды

Премьер-министрдің кандидатурасына Олжас Бектенов ұсынылды
Фото: gov.kz 06.02.2024 11:31 916

Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес,мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2023 жылғы 3 сәуірден бері Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарған.

Оның алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға