Жаңалықтар

Премьер-министр шағын және орта бизнеске қандай қолдау көрсетілетінін айтты

Премьер-министр шағын және орта бизнеске қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Фото: Pixabay.com 19.04.2023 10:14 503

Шағын және орта бизнесті жүйелі түрде қолдау шаралары кеңейтілді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елімізде өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында көрсетілетін қызмет үлесі 116-ға ұлғайды. Бірқатар басым қызметтер бойынша проценттік мөлшерлемені субсидиялау мерзімін 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды.

Бизнестің жол картасын қаржыландыру көлемі негізі 224 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. Шағын және орта бизнесті қолдау шеңберінде биыл 20 мыңнан астам жобаны субсидиялау және 18 мыңнан астам жоғары кепілдік беру беру көзделіп отыр, - деді премьер-министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға