Жаңалықтар

Православие христиандарына бақыт пен амандық тілеймін - Ерболат Досаев

Православие христиандарына бақыт пен амандық тілеймін - Ерболат Досаев
Фото: instagram.com/erbolat_dosaev 07.01.2024 11:47 620

Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

Алматылықтар келісім мен бейбітшілікті бейнелейтін осы жарқын мерекені қуанышпен және үмітпен қарсы алады. Рождествоны тойлау барлық қазақстандық үшін көпұлтты халқымыздың бірлігін, адами құндылықтардың бірлігін көрсететін игі дәстүр болып табылады, - деді қала басшысы.

Әкім православие басқа конфессиялармен қатар отандастарымыздың өмірінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ықпал ететінін, мәдениет пен дәстүрдің сан түрлі байлығын сақтайтынын атап өтті.

Бұл жарқын Рождество күндерінде барлық православие христиандарына бақыт пен амандық, ал Отанымыз – Қазақстан Республикасына бейбітшілік пен өсіп-өркендеу тілеймін!, - деді Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға