Жаңалықтар

Пойызды тербеткен күй

Пойызды тербеткен күй
Фото: Видеодан кадр 21.11.2023 11:40 493

Өнерлі жасөспірімдердің пойыздағы домбыра тартқаны әлеуметтік желі қолданушыларын тамсандырып жатыр. Видео авторының жазбасына сүйенсек, домбырашылар ансамблі «Адай» күйін Қызылорда мен Шымкент аралығына орындаған іспетті.

Пойыздағы жолаушылардың қандай сезімде болғаны белгісіз, ал бейнежазбаны көргендер жеткіншектердің өнеріне тәнті болып, пікір жаудырып жатыр. 500 мыңнан аса қаралған видеоға 51 мың адам лүпіл басқан. 3 мыңнан астам пікірдің ішінде «Қазақстанның болашағы сендерсіңдер» деген ерекше жазба көзге түседі. Бір оқырман жас домбырашылардың Шымкенттегі Қарақат мектеп студиясының шәкірттері екенін атап өтіпті. Өнерің өрге жүзсін!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға