Пойыз билеттерін 40% жеңілдікпен сатып алуға болады

 ©El.kz/Артем Чурсинов
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне күзгі жеңілдіктер маусымының басталғанын хабарлайды, деп жазады El.kz интернет порталы.

Жеңілдіктер 2025 жылдың 22 қыркүйегінен 23 қазанына дейін қолданылады. Осы кезеңде жолаушылар 7 бағыт бойынша билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:

  • № 9/10 «Астана – Алматы»
    Вагон түрі: отыратын (2С)
    Жеңілдік: отыратын орындарға 40%
  • № 65/66 «Астана – Жезқазған»
    Вагон түрі: турист (2Д)
    Жеңілдік: купелік орындарға 25%
  • № 67/68 «Астана – Өскемен»
    Вагон түрі: турист (2Д)
    Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30%
  • № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»
    Вагон түрі: купе (2К)
    Жеңілдік: үстіңгі орындарға 25%
  • № 351/352 «Алматы – Өскемен»
    Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
    Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30%
  • № 691/692 «Атырау – Ақтөбе»
    Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
    Жеңілдік: үстіңгі орындарға 20%

    Күн сайын қатынайтын пойыз:
  • № 11/12 «Алматы – Шымкент»
    Вагон түрі: турист (2Д)
    Жеңілдік: купелік орындарға 25%

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайты арқылы немесе вокзалдағы билет кассаларынан сатып алуға болады. Жолаушылар билеттерді пойыз жөнелтілерден 45 күннен 10 күнге дейін сатып ала алады.

Оқи отырыңыз