Жаңалықтар

Попко жыл басынан бері бесінші турнирде топ жарды

Попко жыл басынан бері бесінші турнирде топ жарды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 18.03.2024 05:16 452

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (276 ATP) Бразилияның Фейра-де-Сантана қаласында өткен ITF M25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Финалда жерлесіміз американдық Харрисон Адамсты (771 АТР) еш қиындықсыз ұтты – 6:4, 6:4. Бразилиядағы жеңісінің арқасында Дмитрий АТР-дің жаңартылған рейтингінде 250-орынға көтеріледі.

Қазақстандық бұған дейін қатарынан төрт ITF турнирінде үздік шықты: үш рет АҚШ-та және бір рет Аргентинада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға