45 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдікті Польшадан экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі және Сыртқы істер министрлігінің бірлесіп, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Польшадан экстрадициялады.
Ол 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін алып келуге уәде беріп, жәбірленушінің 45 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, өз міндеттемелерін орындамай, иемденген қаражатпен жасырынған деген күдікке ілінді.
Биыл ақпанда ол Бодзентын қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Польшада 45 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры