Жаңалықтар

Полиция Төреғали Төрәлінің үстінен тексеріс бастады

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Полиция Төреғали Төрәлінің үстінен тексеріс бастады
Фото: tumba.kz 29.09.2022 18:20 1226

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер жігіт өзіне әнші Төреғали Төрәлі тап беріп, қабағын жарғанын мәлімдегені туралы  видео кадрлары тараған еді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Алматы облыстық полиция деартаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Видео кадрларынан қабағы жарылған жігіттің қасынан бір топ адамды көруге болады. Олар Төреғали Төрәлінің жас жігітке қол көтергенін куәгер ретінде бірауыздан растайтыны айтады.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты төмендегідей түсінік берді.

«Қазір аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Алматы облысы полициясының тапсырмасымен бұл іспен Кеген ауданының полициясы айналысуда. Іс облыстық полицияның бақылауына алынды»,- делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға