Жаңалықтар

Полиция ШҚО-да іздеуде жүрген шетелдікті ұстады

Полиция ШҚО-да іздеуде жүрген шетелдікті ұстады
Фото: Polisia.kz 24.02.2024 21:37 427

Өскеменде полицейлер жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдік қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

25 жастағы тәжікстандық азамат бір жылдан астам уақыттан бері алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін іздеуде болған.

Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Тәжікстан Республикасындағы әріптестерге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Айта кеткен жөн, биыл ШҚО ПД қызметкерлері іздеуде жүрген 15-тен астам қылмыскерді қолға түсірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға