Жаңалықтар

Полиция қызметкері антқа адалдықтың, жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетуі керек – Тоқаев

Полиция қызметкері антқа адалдықтың, жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетуі керек – Тоқаев
Фото: Ақорда 23.06.2024 10:03 318

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Полиция күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті полиция қызметкерлері!

Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Сіздер заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.

Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды.

Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін.

Әрдайым абырой биігінде болыңыздар!

Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға