Жаңалықтар

Полиция білім беру ұйымдарындағы балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударады – Скляр

Полиция білім беру ұйымдарындағы балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударады – Скляр
Фото: © Polisia.kz 21.10.2023 00:21 685

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр мектептердегі қауіпсіздік жүйесін тексерді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгінгі таңда өңірдегі білім ошақтарында 19 646 бейнебақылау камерасы бар, оның ішінде мектептерде – 9 278, мектепке дейінгі ұйымдарда – 7 356, колледждерде және басқа да мекемелерде – 3 012 камера.

Барлық нысан бейнебақылау жүйесімен толық қамтылғанын және жедел басқару орталығына шығарылғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар 123 білім мекемесінде кіруді бақылау және басқару жүйесі (турникеттер) орнатылған.

Білім беру өкілдерінің мәліметінше, 227 мамандандырылған күзет агенттіктерімен келісімшарттар жасалған. Сондай-ақ 545 ескерту жүйесі мен 615 дабыл түймесі қойылған.

Ішкі істер органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі – оқушылар арасында болатын және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, – деді Василий Скляр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға