Полиция Алматыда емханадан қашқан күдіктіні қолға түсірді

 ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Алматыда қалалық ауруханадан қашып кеткен тергеудегі адамды полиция қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұрлыққа қатысы бар күдікті қалалық ауруханадан 3 мамыр күні қашып кеткен. Ол қамауға алынған соң сол жерде емдеуге жіберілген. 

Ұрлық жасады деген күдіктінің өзі емделіп жатқан қалалық ауруханадан қашып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп жазылған ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінде. 

Аталған оқиғаға қатысты тиісті мән-жайын анықтау үшін қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды. 

 

Оқи отырыңыз