Жаңалықтар

Полицейлер жоғалған бір үйір жылқына иесіне табыстады

Полицейлер жоғалған бір үйір жылқына иесіне табыстады
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 14.05.2023 14:44 833

Ақмола полицейлері 5 миллион теңгенің жоғалған жылқы табының иесіне тауып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Бұланды ауданының полиция бөліміне 14 бас жылқы жоғалғаны туралы Макинск қаласының тұрғыны жүгінген. Иесінің айтуынша, жылқылар елді мекенге жақын жерде жайылымда жүрген.

Үй жануарларының болу жерін анықтау үшін полицейлер бірнеше сағат бойы орман алқаптарын тексеріп, ауланы аралап шықты. Іздеу іс-шараларына еріктілер мен орман қызметкерлері қатысты.

Полицейлер жылқыларды көрші аудан Біржан сал аумағынан бір тәулік ішінде тапты. Қазіргі уақытта барлық 14 бас жылқы заңды иесіне табысталды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға