Жаңалықтар

Полицейлер пиротехниканың заңсыз сатушыларын анықтауда

Полицейлер пиротехниканың заңсыз сатушыларын анықтауда
Фото: polisia.kz 30.12.2022 14:41 903

Полицейлер пиротехниканың заңсыз сатушыларын анықтауда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қызылорда облысында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде 186 дана пиротехникалық зат тәркіленді
Жамбыл облысында - ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша бұзушылықтың 18 дерегі  анықталып, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың 121 бірлігі алынды;
Қостанай облысында пиротехника сатқан 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
Жетісу облысында сәйкестік сертификаты жоқ 179 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді
Алматыда заңсыз сатудың 23 дерегі анықталып, жалпы салмағы 1500 келіні құрайтын 137 қорап пен 125 пиротехникалық батарея тәркіленді.

Егер сіз осындай құқық бұзушылыққа куә болсаңыз, полицияның "102" байланыс арнасына немесе ауданыңыздағы кезекші полиция бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға