Жаңалықтар

Полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарды

Полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарды
Фото: Polisia.kz 03.06.2023 00:28 935

Еңбекші АПБ-ның “102” арнасына 1 маусым күндізгі сағат 11:15 шамасында әйел кісі қоңырау шалған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол тәртіп сақшыларынан көмек сұрап, күйеуінің өз-өзіне қол жұмсағалы жатқанын жеткізген. Белгілі болғандай, ер адам жұбайына бейнеқоңырау арқылы байланысқа шығып, қоштасқан. 

Шақырту бойынша, осы аумаққа қызмет көрсететін 3-ротаның патрульдік полицейлері Айдос Исмаилов пен Дәурен Раев оқиға орнына жетті. Жедел келген тәртіп сақшылары қақпа жабық болған соң, үйге кіре алмаған. Әр секундтің қымбат екендігін ескерген Айдос Исмаилов қоршау арқылы асып өту үшін жоғарыға көтерілген. Осы уақытта оның серіктесі Дәурен Раев құлыпты бұзып, қақпадан кірген. 

Патрульдік полиция қызметкерлері аумақты тез арада шолып, ауланың артқы жағында қосалқы құрылыстардың арасынан арқанға ілінген адамды тапты. Содан кейін Даурен, ер адам тұншығып қалмас үшін , оны көтеріп, Айдос арқанды кесіп үлгерген. Медицина қызметкерлері де дер кезінде көмек көрсетті. 

Қазіргі таңда, азамат ауруханада дәрігерлердің бақылауында. 

Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға