Жаңалықтар

Полицейлер Ертіс өзенінің жағасында қалып қойған екі жасөспірімді құтқарды

Полицейлер Ертіс өзенінің жағасында қалып қойған екі жасөспірімді құтқарды
Фото: © Polisia.kz 10.08.2023 11:00 995

Полицейлер Ертіс өзенінің жағалауында қалып қойған жасөспірімдерге көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтоғай ауылының жағажай аумағын патрульдеу кезінде аудандық полиция қызметкерлері Ертіс өзенінің басқа жағалауынан көмек сұраған екі кәмелетке толмаған баланы байқаған. Полицейлер жедел қызмет көрсеткен. Олар қайық пен құтқару кеудешелерін киіп, балаларға жүзіп барып, қорқып қалған жеткіншектерді қайыққа отырғызған. 14 және 15 жастағы жасөспірімдер жағалаудың бергі бетінен арғы бетіне жүзіп барған, алайда қайта кері жүзуге шамалары болмағасын, полиция қызметкерлерін көмекке шақырған. 

Оқи отырыңыз:

Кәмелетке толмаған балалардың ата-анасымен мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ата-аналар құқықтық тәртіп сақшыларына балаларына уақытылы көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтты.

Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларын назардан тыс қалдырмауы керек және олардың әрбір қадамын бақылау қажет. Павлодар облысының полицейлері жүзу дағдыларынсыз және судағы қауіпсіздіктің базалық ережелерінсіз шомылу қайтымсыз салдарға әкеп соқтыратынын тағы да еске салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға