Жаңалықтар

Полицейлер дронмен бір тәулікте ереже бұзған 8 жүргізушіні анықтады

Ақтөбелік тәртіп сақшылары Самара-Шымкент республикалық маңызы бар трассада кешенді жұмыс жүргізді
Полицейлер дронмен бір тәулікте ереже бұзған 8 жүргізушіні анықтады
Фото: aktobeinfo.kz 15.02.2023 04:25 592

Ақтөбе облысы ПД Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері дронмен бір тәулікте ереже бұзған 8 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды El.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша рейдтік және профилактикалық іс-шараларды үнемі өткізеді.

Осылайша, тәртіп сақшылары Самара-Шымкент республикалық маңызы бар трассада тәртіп сақшылары «дрон» пайдаланып кешенді жұмыс жүргізді.

Әуе арқылы іске қосылған бейнебақылау құрылғысы жол ережелерін өрескел бұзған және қарсы жолаққа шыққан жүргізушілерді анықтауға көмектесті. Нәтижесінде тәулік ішінде 8 жол қозғалысы ережесін бұзушы анықталды.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабының 2-бөлігі бойынша " Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту ережелерін бұзу" бойынша 8 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ іс-шара аясында полицейлер автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтау және қарсы қозғалыс жолағына шықпау керектігін еске салды. Болашақта мұндай іс-шаралар апатты-қауіпті учаскелерде жалғасатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға