Жаңалықтар

Полицейлер 40-қа жуық азаматқа жалған билет сатқан алаяқты анықтады

Полицейлер 40-қа жуық азаматқа жалған билет сатқан алаяқты анықтады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.06.2024 03:40 324

Елордада полицейлер 40-қа жуық азаматқа жалған билет сатқан алаяқты анықтады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда Астана мен Алматы қаласынан 40-қа жуық алданған азамат полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері Семей қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтады.

Әйел OLX хабарландыру қызметін пайдаланып, әйгілі ресейлік әншілердің концерттеріне билеттер сатқан. Келтірілген шығын сомасы 10-70 мың теңге аралығында болған. Шарт бойынша сатып алушы төлемді мобильді қосымша арқылы жіберуі керек болған.

Ал билет сатушысы оларға жалған өткізу QR кодтарын жіберген. Алаяққа алданған азаматтар соңында концертке кіре алмаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Елорда аумағында жасалған алаяқтықтың осыған ұқсас фактілеріне қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға