Жаңалықтар

Полицейден қашқан мас жүргізуші аялдамаға соғылып, екі адамды мерт қылды

Полицейден қашқан мас жүргізуші аялдамаға соғылып, екі адамды мерт қылды
Фото: Видеодан кадр 12.05.2024 22:00 721

Алматы облысы Іле ауданында жүк көлігін тізгіндеген мас жүргізуші аялдамаға соғылып, екі адамды мерт қылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 12 мамырға қараған түні Байсерке ауылында болған.

Патрульдеу кезінде “Беркут-35” экипаж қызметкерлері ЗИЛ-131 автокөлігінің жүргізушісін мас халде болуы мүмкін екеніне күмәнданған. Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқта деген талабын елемей, қаша жөнелген.

Жүк көлігін басқарған 49 жастағы ер адам автобус аялдамасына қатты жылдамдықпен соғылған. Аялдамада тұрған екі адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес құқық бұзушы көлікті орта дәрежедегі мас күйінде басқарған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде,-делінген облыстық ПД мәліметінде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға