Жаңалықтар

Полицей мен оның досы көліктен өлі табылды

Полицей мен оның досы көліктен өлі табылды
Фото: © Unplash 05.03.2024 14:26 2045

Ақмола облысы Есіл қаласында көліктен екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Есіл ауданы әкімдік өкілдерінің хабарлауынша 5 наурызда таңғы сағат 07.45-те Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғынынан көлік жуу орнында көлікте екі адамның мәйіті жатқаны хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары шын мәнінде Audi A6 көлігінен қайтыс болған екі ер адамды тапты. Олардың бірі 27 жастағы полиция қызметкері болса, екіншісі (28 жаста) оның досы екені мәлім болды.

Зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталы жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға