Пластикалық операция жасатқан әлемнің әйгілі футболшылары

Пластикалық операция жасатқан әлемнің әйгілі футболшылары
Фото: AI көмегімен жасалды

Футбол тек жасыл алаңдағы ойынмен шектелмейді. Әлемге танымал спортшылар брендтердің жарнамасына түсіп, сән журналдарының мұқабасына шығып, миллиондаған жанкүйердің назарында жүреді. Сондықтан олардың сыртқы келбеті де кәсіби мансабының бір бөлігіне айналған.

Соңғы жылдары әлемдік БАҚ футболшылардың пластикалық операциялары мен косметикалық процедуралары туралы жиі жазып жүр. Бірі мұны ашық мойындаса, енді бірі үнсіз қалуды жөн көреді. Дегенмен мамандар олардың сыртқы келбетіндегі өзгерістерді талдап, түрлі болжам айтады.

Криштиану Роналдудың өзгерісі көпшіліктің назарында

Мансабының басында Роналду қазіргі келбетінен мүлде бөлек көрінетін. Бетінде безеу іздері болды, шаш үлгісі қарапайым, ал күлкісі де бүгінгідей мінсіз емес еді.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Өзі бір сұхбатында:

Мен кішкентай, әлсіз әрі толықтау бала болдым, – деген.

Әлемдік БАҚ, соның ішінде The Sun басылымы пластикалық хирургтардың пікіріне сүйене отырып, Роналду мұрын пішінін түзеткен, жақ сүйегінің контурын өзгерткен, бетіне филлер салдырған және керамикалық винир арқылы мінсіз күлкі қалыптастырған болуы мүмкін екенін жазды. Сондай-ақ оның бет пішіні айқынырақ болып, бетсүйектері анық көріне бастағаны айтылды.

Алайда футболшының өзі пластикалық операция жасағанын ешқашан ресми түрде растаған емес.

Диего Марадона: жас көріну үшін жасалған өзгерістер

2015 жылы аргентиналық аңыз Марадона сыртқы келбетінің күрт өзгеруімен жұрт назарын аударды.

Бірқатар шетелдік басылымдар оның бетіне лифтинг жасалғанын, сондай-ақ ерніне филлер салдырған болуы мүмкін екенін жазды. Әлеуметтік желі қолданушылары тіпті оған «МАМАдона» деген лақап ат та қойған.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Сол кездегі мәліметтерге қарағанда, 55 жастағы Марадона өзінен 30 жасқа жуық кіші сүйіктісі Росио Оливамен бірге жүргенде өзін жасарту туралы шешім қабылдаған. БАҚ оның бұл қадамға сырт келбетін жас көрсету үшін барғанын жазды.

Златан Ибрагимовичтің мұрны шынымен өзгерді ме?

Ол мектеп кезінде үлкен мұрны үшін жиі мазаққа қалғанын өмірбаянында жазған.

Біраз жылдан кейін жанкүйерлер оның мұрны бұрынғыдан ықшам көріне бастағанын байқады. Осыдан кейін ринопластика жасатқаны туралы қауесет тарады.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Алайда Златан да, оның сол кездегі агенті де бұл ақпаратты растаған жоқ. Агенті Мино Райола:

Өсекке уақыт жұмсағым келмейді, – деп қысқа ғана жауап берген.

Сондықтан мұрынға жасалған операция туралы ақпарат ресми түрде дәлелденген жоқ.

Гарет Бэйл құлақ пішінін өзгертті

Гарет Бэйл бала кезінен қалқиған құлағына байланысты жиі келеке естіп өскен.

Әлемдік БАҚ кейінірек оның отопластика жасап, құлақ пішінін түзеткенін жазды. Операциядан кейін сырт келбеті өзгеріп, жарнамалық келісімшарттары көбейгені де айтылды.

Фото: globo.com
Фото: globo.com

Жанкүйерлер әзілдеп:

«Құлағын түзеткен соң жылдамырақ жүгіре бастады», – деген пікірлер қалдырған.

Футболшы бұл ақпаратқа қатысты ресми пікір білдірмеген.

Уэйн Руни шаш трансплантациясын жасырмады

Руни – пластикалық медицина туралы ашық айтқан санаулы футболшылардың бірі.

25 жасында шашы сирей бастаған Руниді тіпті командаластары әзілдеп «Бобби Чарльтон» деп атайтын болған.

2011 жылы ол Лондондағы клиникада шаш трансплантациясын жасатты. Операцияның құны 20 мың фунт стерлингтен асқан.

Фото: capilclinic.us
Фото: capilclinic.us

Кейін футболшы:

«Бұл өте қымбат болды. Процедура кезінде де, кейін шаш орныққанша да қатты ауырды», – деп еске алған.

Алғашқы операция сәтті өткенмен, 2013 жылы қайтадан трансплантация жасатуға тура келді. Екінші процедура шамамен тоғыз сағатқа созылған.

Дэвид Бекхэмнің жас көрінуінің сыры қандай?

Футболдан кеткеніне біраз жыл болса да, Дэвид Бекхэмнің келбеті жиі талқыланады. Кейбір шетелдік басылымдар оның бет терісін жасарту процедураларын немесе ботокс қолдануы мүмкін екенін жазады.

Фото: 300experts.ru
Фото: 300experts.ru

Алайда Бекхэмнің өзі мұндай ақпаратқа қатысты ешқашан пікір білдірмеген. Сондықтан бұл да ресми расталмаған болжамдардың қатарына жатады.

Оқи отырыңыз