«Пикник» тобының көмекшісі террорлық акт кезінде қайтыс болған

 VK/piknik_info
Фото: VK/piknik_info

«Пикник» тобының көмекшісі Екатерина Кушнер «Крокус Сити Холлдағы» теракт кезінде қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әртістер өздерінің VK-дағы парақшасында мәлімдеді.

Екатерина Геннадьевна Кушнер «Крокус Сити Холлдағы» террорлық акт кезінде қаза тапты. Ол мәңгі есімізде қалады, - делінген мәліметте.

Топ өкілдері оны екі күн бойы іздеп, бүгін оның күйеуі қаралы хабарды жеткізген.

Оқи отырыңыз