Жаңалықтар

ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы жаңа қызметтерді қосты

Бұл туралы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді
ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы жаңа қызметтерді қосты
Фото: ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы 04.10.2022 17:43 1432

ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы жаңа қызметтерді қосты, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында 7 қосымша медициналық қызмет көрсетілетін болды. 2022 жылғы 26 қыркүйектен бастап рентгендік диагностика, аллергология және стоматология бойынша ақылы медициналық қызметтер бағасының тізімі толықты.

2022 жылғы 23 тамызда ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында көрсетілетін ақылы медициналық қызметтердің бағалар Прейскурантына өзгерістер енгізілді. Айталық, рентгендік диагностика бойынша мынадай қызметтер қосылды: бір сүтбездің томосинтезі; екі сүтбездің томосинтезі; контрастты маммография; 2D тік проекциядағы екі сүтбездің маммографиясы + қиғаш проекциядағы екі сүтбездің томосинтезі; 2D тік проекциядағы бір сүтбездің маммографиясы + қиғаш проекциядағы екі сүтбездің томосинтезі. Аллергология бойынша жаңа медициналық қызмет – портативті спирометрде сыртқы тыныс алу функциясын өлшеу, ал стоматология-имплантология бойынша Кореялық қызыл иекті қалыптастырғышты орнату қызметі енгізілді.

Қосымша ақпарат Медициналық орталығы ауруханасының ресми сайтының www.bmcudp.kz «Қызметтер» бөлімінде көрсетілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға