Жаңалықтар

Петропавлдың атауы Қызылжар болып өзгере ме?

Петропавлдың атауы Қызылжар болып өзгере ме?
Фото: Әлеуметтік желіден 04.12.2023 16:19 1854

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының атауын Қызылжар деп өзгертуге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, петропавлдықтарды алаңдататын одан да маңызды мәселелер бар.

Қала немесе көшелердің атауы азаматтар әдетте ниет білдіріп, өтініш берілген кезде өзгеріп жатады. Бұл – қалыпты жағдай. Қазіргі уақытта Петропавл халқын көбіне жылу, жарық, электр энергиясы мәселелері көбірек алаңдатады. Көшелердегі кәріз жүйесінің мәселелері де бар. Күш салып, соның бәрі жөнделіп жатқанын да азаматтар көзімен көріп отыр. Халық көбіне скверлердің, ойын алаңдарының ашылуын қалайды. Жолға асфальт төселсе дейді. Қаланың атауын өзгертуді былай қойғанда, халықты басқа мәселелер көбірек алаңдатады, - деді ол.

Еске сала кетейік, осыдан үш жыл бұрын Петропавл қаласының атауын өзгерту мәселесі көтеріліп, тұрғындар әкімге петиция жолдаған еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға