Жаңалықтар

Петропавлдағы жылу электр орталығына 2,7 млн ​​теңге айыппұл салынды

Петропавлдағы жылу электр орталығына 2,7 млн ​​теңге айыппұл салынды
Фото: Фото: pixabay.com 18.04.2023 11:29 771

Петропавлдағы «СевКазЭнерго» екінші жылу электр орталығында ҚР СИМ ТРМК СҚО департаменті белгіленген талаптарға сәйкес тексеруден өтпеген өлшеу құралдары қолданылып келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура жылу есептегіштер, дозатор, термометр секілді кейбір өлшеу құралдары төрт айдан астам уақыт бойы тексерілмегенін анықтады.

Ал бұл дегеніміз «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңын бұзу болып табылады.

Сол себепті жылу электр орталығына 1 600 АЕК, яғни 5 520 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Петропавл қаласы прокуратурасының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы негізінде департамент қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Қысқартылған өндіріс тәртібінде бұзушылық жасау фактісін мойындауға байланысты кәсіпорын 50%, яғни 2 760 000 теңге мөлшерінде айыппұл төледі, – делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға