Жаңалықтар

Петропавлдағы стадионынан адам сүйектерінің қалдығы табылды

Петропавлдағы стадионынан адам сүйектерінің қалдығы табылды
Фото: © Polisia.kz 14.06.2023 23:40 434

Петропавлдағы «Қарасай» стадионынан адам сүйектерінің қалдығы табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

14 маусым сағат 09:59 шамасында Петропавл полиция басқармасының 102 нөміріне «Қарасай» стадионын қайта құру кезінде адам сүйектерінің қалдықтары табылғаны туралы телефон арқылы хабарлама түскен.

Алдын ала анықталғандай, сүйек қалдықтары 100 жыл бұрын осы аумақта болған зиратқа тиесілі.

Бұл факт Петропавл полиция басқармасы екінші бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға