Жаңалықтар

Петропавлда жол апатынан жас жігіт көз жұмды

Петропавлда жол апатынан жас жігіт көз жұмды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 13.07.2023 15:40 775

13 шілде сағат 00:10 шамасында Петропавлдағы Қожаберген жырау көшесінде жол апаты болып, нәтижесінде 38 жастағы ВАЗ 2114 автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні басып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. 

Арада көп ұзамай оқиға орнына жақын маңда тағы жол апаты тіркелді. 

Сағат 00:30 шамасында оқиға орнына жақын тұрған Hyundai H350 жедел жәрдем көлігі мен өтіп бара жатқан Mercedes-Benz 124 соқтығысты. Апат салдарынан 22 жастағы фельдшер медициналық мекемеге жатқызылды.

37 жастағы Mercedes жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, алайда көп ұзамай полиция қызметкерлері ұстады.

ЖКО фактілері ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі және 345-1-бабының 1-бөлігі бойыншасотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қамалды. Полиция қажетті сараптамаларды тағайындау және түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал жинап жатыр. Анықтау жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға