Жаңалықтар

Петропавлда жаттығу кезінде жасөспірімнің ішіне доп тиіп, мерт болды

Петропавлда жаттығу кезінде жасөспірімнің ішіне доп тиіп, мерт болды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 17.10.2023 10:45 484

Жаттығу кезінде ішіне доп тиген жігіт Петропавл облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға дүйсенбіде кешкі сағат жетіде Жабаев көшесінде, Қарасай стадионына қарама-қарсы жерде болған.

2005 жылы туған жігіт футбол жаттығуы кезінде спорттық жарақат алған. Эпигастрия аймағына (ішінің жоғарғы бөлігіне) доп тигенде, жерге құлап, басын жарақаттаған.

Жедел жәрдем станциясына 18:36-да қоңырау түсті, ал 18:40-та дәрігерлер оқиға орнында болды. Олар "анықталмаған жүрек тоқтауы, анықталмаған кома және жабық бас-ми жарақаты" деген диагноз қойды. Жігіт 20:10-да көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде көз жұмды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға