Жаңалықтар

Петропавлда су құбыры жарылды

Қаланың кейбір аудандары сусыз қалды
Петропавлда су құбыры жарылды
Фото: Қала әкімінің жеке парақшасындағы видеодан скриншот 01.12.2022 23:33 1008

Петропавл қаласында су құбыры жарылып, кейбір аудандар сусыз қалды, деп хабарлайды El.kz қала әкімінің жеке парақшасына сілтеме жасап.

Құрметті қала тұрғындары! Жұмабаев көшесіндегі су құбыры жарылды. «Қызылжар су» ЖШС апаттық бригадасы оны жою жұмыстарын бастады. Мен апат орнында жүрмін. Су құбырын жапты, мамандар апаттың себебін анықтап жатыр. Қазіргі сәтте қаланың көп бөлігінде су қысымы төмендетілді, - деп жазды қала басшысы Руслан Анбаев.

Шамамен 15 үй сусыз қалғаны белгілі болды. Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасы, бейімдеу орталығы мен «Севказэнерго» АҚ ғимараттарына су беру уақытша тоқтатылған.

Қала сусыз қалмайды. Бірнеше сағат ішінде біртіндеп су қысымын көтереміз. Апат болған аймақтағы тұрғынүйлер мен әлеуметтік нысандарға су тасымалданады, - деді Руслан Анбаев.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға