Жаңалықтар

Петропавлда су басқан аймақта қалып қойған екі адам құтқарылды

Петропавлда су басқан аймақта қалып қойған екі адам құтқарылды
Фото: Polisia.kz 13.04.2024 15:01 686

Петропавл қаласында Подгора шағын ауданы мен Кожевенный кентінің тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, Кожевенныйды таңертең сағат 10:00 шамасында су басты. Тәулік бойы кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері халыққа үздіксіз көмек көрсетуде.

Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев, СҚО ПД бастығының орынбасарлары Асқар Мұхаметқалиев пен Айдос Ідірісов су астына кетіп бара жатқан жеке секторды айналып өтіп, екі ер адамды байқаған, - делінген мәліметте.

Полицейлер тез әрекет етіп, оларды көлікке мінгізіп үлгерді.

Ер адамдар су осыншалық тез келеді деп ойламаған. Қазіргі уақытта олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға