Жаңалықтар

Петропавлда сауықтыру кешені өртке оранды

Оқиға орнында 41 адам, 11 техника жұмыс істеді
Петропавлда сауықтыру кешені өртке оранды
Фото: inform.kz 15.01.2023 20:10 1386

Петропавл қаласында орналасқан «Парковая» сауықтыру кешені қою түтіннің астында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-ка сілтеме жасап.

Өткен түнде басталған өрт толық сөнбей қалып, екінші күні таңертең мамандар тағы да сол нысанда жұмыс істеді. Қаза тапқандар, зардап шеккендер жоқ. 

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы «Парковая» сауықтыру кешенінде өрт шыққандығы туралы хабар 14 қаңтарда сағат 23:45-те түскен. Өрт сөндірушілер жеткенде нысан отқа оранған. Мамандар жалынмен үш жақтан күресіп, сағат 2:00 шамасында сөндірді. Оқиға орнында 41 адам, 11 техника жұмыс істеді.

«Өрттің салдарынан от жағу бөлмесі, демалыс бөлмесі, кір жуатын бөлме жанып кетті және кешеннің шатыры толықтай зақымданды. Өрт жалмаған аумақ – 160 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ», - делінген хабарламада.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН ❤ СКО (@skopetro)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға