Жаңалықтар

Петропавлда Рождество мерекесіне орай фестиваль өтті

Петропавлда Рождество мерекесіне орай фестиваль өтті
27.12.2018 11:15 1566

Петропавл қаласының Достық Үйінде Рождество мерексіне орай фестиваль ұйымдастырылып өткізілді.

Желтоқсанның 25 жұлдызында католиктер мен протестанттар Рождество мерекесін атап өтті. Православ дінінің ізбасарлары сияқты, католиктер де бұл мерекені Пасхадан кейінгі екінші маң  ызды мереке ретінде атап өтеді.

Петропавл қаласының Достық үйінің қабырғасында облыстық «Видергебурт» неміс мәдени орталығы көрермендер назарына мерекелік концерт пен балаларға арналған көңілді бағдарлама ұсынды.

Өз кезегінде, іс-шараға қатысқан Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі және басқа да этномәдени бірлестіктерінің төрағалары «Видергенбурт» облыстық неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Президенті Эльвира Ковзельді 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға