Жаңалықтар

Петропавлда полиция офицерлеріне арналған оқу-әдістемелік жиын аяқталды

Петропавлда полиция офицерлеріне арналған оқу-әдістемелік жиын аяқталды
Фото: polisia.kz 21.01.2023 18:30 754

Петропавл қаласында полиция офицерлеріне арналған оқу-әдістемелік жиындар аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Әр өңірден келген полиция басқармалары мен бөлімдері бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары үшін Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасымен ҰҰ академиясында кәсіби деңгейді арттыру бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды. Басшы құрамның офицерлері жігіттік шақтағы өткерген әскери өмірге бір сәтке оралды. Казармада тұрып, сарбаздық өмірдің қатаң тәртібін, саптық дайындығын және асханасын естеріне түсірді. Оларға ІІМ оқу орындарының үздік оқытушылары сабақтар өткізді.

ІІО-да кадрлық және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеуге арналған жиындар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін арттыру, полицияның сервистік моделін енгізу, сондай-ақ халықтың полицияға деген сенімін, кадрларды даярлау сапасын арттыру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде өткізілді, - дейді ҚР ІІМ кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Бейсеев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға