Жаңалықтар

Петропавлда полицейлер су тасқыны аймағында қалған қарт күзетшіні құтқарды

Петропавлда полицейлер су тасқыны аймағында қалған қарт күзетшіні құтқарды
Фото: Polisia.kz 13.04.2024 09:04 364

Петропавлда полицейлер су тасқыны аймағында қалған қарт күзетшіні құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Речпорт аймағында күзетші болып жұмыс істейтін 64 жастағы қала тұрғыны су  қалып қойды. Күзет агенттігінің директоры қызметкерді эвакуациялауға үлгермей қалды. Содан кейін ол айналма жолда кезекшілік атқарып тұрған полицей Константин Сычевке жүгінді. Ол болған оқиға туралы ақпаратты Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевке баяндап берді.

Полиция қызметкерлері Азат Исаев пен Нұрлан Көкабаев қайықпен күзетші құтқаруды күтіп тұрған қақпаға жүзіп, оны жағаға аман-есен жеткізді. Операция шамамен 8 минутқа созылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға