Жаңалықтар

Петропавлда «Песня без границ» атты фестивалі өтті

Петропавлда «Песня без границ» атты фестивалі өтті
13.07.2018 05:33 1456

12 шілдеде Петропавл қаласының Тұңғыш Президент саябағында ұмытылмас оқиға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған «Песня без границ» халықаралық этно-фольклорлық фестивалі өтті.

Бұл фестиваль петропалдықтар үшін жақсы дәстүрге айналды, себебі жыл сайын өткізіледі және Петропавл қаласының күнін мерекелеуге арналған.

Халықаралық фестивалді өткізудің басты мақсаты — Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерімен мәдени байланысты нығайту, шығармашылық тәжірибе алмасу, сонымен қатар қазақ және орыс халықтарының мәдениетінің өзара байланысы.

Мерекеге Ресей Федерациясының Омбы және Түмен облыстарынан, сонымен қатар Жамбыл, Аққайың және Ғабит Мүсірепов аудандарының этномәдени бірлестіктері өнер көрсетті.

Құттықтау сөзімен Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов сөйледі.  

Концерттік бағдарламаны әдемі қазақ биімен «Арай» халық би ансамблі ашты. «Эстафетаны» Түмен қаласының «Мерей» қазақ вокалды ансамблі қабылдап, «Астана» стилдендірілген халық әнін ұсынды, сонымен қатар «Алға Қазақстан!» заманауи әнін орындады.

Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ауданының «Ұлытау» этномәдени бірлестігі халық казак әндерін орындады, ал Аққайың ауданының «Мрія» шығармашылық ұжымы «Я — казах», «Живет село» әндерін ұсынды. Жамбыл ауданынан келген Андрей Коваль украин және орыс тілдерінде әндер орындады.

Омбы облысынан қонақтар ретінде «Наследие» вокалдық ансамблі және «Идел» татар әндерінің вокалдық тобы келді.

Көрермендер зор қошаметпен әртістерді қарсы алды, ду қол шапалақтап, биледі.

Әрбір қатысушы өз дарынын, вокалдық және шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті. Сондықтан барлық шығармашылық ұжымдар қатысқандары үшін дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға