Жаңалықтар

Петропавлда өрттен екі кішкентай бала мен әйел қаза тапты

Петропавлда өрттен екі кішкентай бала мен әйел қаза тапты
Фото: ТЖД 26.09.2023 09:15 470

Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз қызметі қайғылы оқиға 25 қыркүйекте болғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kzақпараттық агенттігі.

Кешкі сағат 21:35-те «101» телефонына жеке тұрғын үйдегі өрт туралы ақпарат келіп түсті. Қаладағы Волочаевская, 113 мекенжайына жеткен облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің бригадалары тес минутта жетті. Олар жеткенше ағаш үй ашық жалынға оранғаны анықталды.

Өртті сөндіру кезінде оқиға орнынан 2003 жылы туылған әйел мен 2022 және 2018 жылдары туған екі сәбидің денесі табылды, - делінген хабарламада.

Өрт сағат 22:04-те оқшауланып, 22:36-да сөндірілді.

Өртті сөндіруге ТЖД қызметкерлері мен құралдары (жеке құрамның 15 адамы және 3 бірлік техникасы) жұмылдырылды. Өрт аумағы 19 шаршы метрді шарпыған.

Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнына облыс әкімі мен СҚО ТЖД басшысы барды.

Әкімдік өкілдері қаза болғандардың туыстарына тиісті көмек көрсетілетінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға