Жаңалықтар

Петропавлда он күннен бері медициналық мекемеде жылу жоқ

Петропавлда он күннен бері медициналық мекемеде жылу жоқ
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 02.11.2023 11:56 501

Петропавлда бес мың адамға қызмет көрсететін емхана жылусыз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық порталы informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлер медициналық мекемедегі ішкі температура 10-12 градустан аспағанын айтып отыр. Өздері де қат-қабат киіммен науқастарды қабылдауға мәжбүр. Мекеме басшылығы жылудың қысымын арттыру үшін барымызды салып жатырмыз деп мәлімдеді. Сөздерінше, 85 жылдық тарихы бар ғимарат құбырының тозығы жеткен. Сол себепті қызметкерлерді жаңадан тұрғызылып жатқан емханаға көшіру жоспары бар екен.

№ 2 Петропавл қалалық емханасы директорының міндетін атқарушы Дәмелі Жантасова жылудың жоқтығы гинекология бөлімшесіне айтарлықтай зардабын тигізіп жатқанын айтады. УДИ-ге киімсіз кіретін аяғы ауыр әйелдер тоңып, ауру жамап аламыз ба деп қорқады.

Басшылықтың сөзінше, мәселе тез арада шешімін таппақ. Кабинеттері суық гинекология бөлімшесі төменгі қабатқа түсірілмек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға