Петропавл қаласында жеделсатының сымы үзіліп кетіп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz.
Қайғылы жағдай бүгін, 4 қараша күні қаладағы Жұмабаев көшесінде орналасқан тоғыз қабатты үйде орын алған. Лифтіге күрделі жөндеу жүргізу кезінде трос үзіліп, салдарынан сегізінші қабаттың биіктігінен 39 жастағы ер адам шахтаға құлап кеткен.
Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді. Оқиға орнында Петропавл прокуратурасының және ПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, - делінген Полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Петропавлда лифтінің сымы үзіліп, бір адам мерт болды
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды