Жаңалықтар

Петропавлда Ленинградты азат етушілерді еске алуға арналған шара өтті

Петропавлда Ленинградты азат етушілерді еске алуға арналған шара өтті
29.01.2019 06:24 1559

27 қаңтар тарихтағы бұрылыс күндерінің бірі болып табылады – 75 жыл бұрын Ленинградтың блокадасы алынып тасталды. Қоршауға алу 872 күнге созылды. Бірақ қала керемет батылдықтың арқасында аман қалды. Бұл күн блокаданы бастан кешкен адамдардың жадында және тарихтағы ең қорқынышты беттердің бірі ретінде жас ұрпақтың жадында мәңгі қалады.

26 қаңтарда Петропавлда Ленинград блокадасының алынғанына 75 жыл толуына және 314-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлігіне арналған конференция өтті.

Іс-шараны орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы, Солтүстік Қазақстан облысының орыс қауымы ұйымдастырды.

Іс-шара облыстық тарихи-өлкетану мұражайында белгілі Петербург фотосуретшісі Сергей Ларенковтың фотокөрмесінің ашылуыменбасталды және Достық үйінде ҚР Россотрудничество Өкілдігі, ҚР РФ Елшілігі қызметкерлерінің, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарихшы-ғалымдары мен оқытушыларының, сондай-ақ Бірінші білім беру лицейінің, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназия-интернатының оқушыларының қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция форматында жалғасты.

Конференцияны Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество Өкілдігінің басшысы, Ресей Федерациясы Елшілігінің кеңесшісі Константин Воробьев ашты. Ол шекара маңындағы ынтымақтастық тығыз мәдени және дипломатиялық байланыстар орнатылған қызметтің маңызды бағыты болып табылатынын атап өтті.

Конференция барысында тарих ғылымдарының кандидаты, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Александр Чухно «Ленинградты қорғау қарсаңында және барысында елдегі әскери-саяси жағдай», тарих ғылымдарының кандидаты Анатолий Плешаков «314-ші атқыштар дивизиясының қалыптасуы және оның Ленинград қорғанысына қатысуы» атты тақырыптарда сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Бірінші білім беру лицейінің оқушысы Калиныч Софьяның орындауында Ольга Бергтольцтің «Февральский дневник» поэмасынан үзінді оқылды. Бірінші білім беру лицейінің оқушысы Засимук Даниил Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтықтар, өрендерім менің» атты өлеңін оқыды, ал Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Аяған Диас 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне арнап жазған өз өдеңін оқып берді.

Іс-шараның басты қонақтары ретінде қоршауда болған Ирина Сидельникова мен 314-ші атқыштар дивизиясы жауынгерінің әйелі, локомотив депосы мұражайының экскурсия жетекшісі Любовь Горшкова Константиновна.

Конференция С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Ленинградтық Жеңіс салюты» көрмесімен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға