Жаңалықтар

Петропавлда көрші елден заңсыз әкелінген балалар табылды

Петропавлда көрші елден заңсыз әкелінген балалар табылды
Фото: Pixabay.com 25.04.2023 09:16 607

Петропавлда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 сәуір СҚО полиция департаменті ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаментімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары барысында Петропавл қаласында 7 пәтерді тексерді. Онда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды. Балалардың ҚР аумағында заңды жүріп-тұруына рұқсат беретін құжаттар болмады.

Үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге ҚР аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету белгілері болуына байланысты аталған факті 19 сәуірде ҚК 394-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел тергеу тобы құрылды. Анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан да жауап алынып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға