Жаңалықтар

Петропавлда көп қабатты үйдің шатыры опырылды

Петропавлда көп қабатты үйдің шатыры опырылды
Фото: Instagram/serik__mukhamediev 28.01.2024 20:02 568

Петропавлдағы үйлердің бірінің шатыры ішінара опырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Соңғы күндері қалада қалың қар жауды. Жауын-шашынның мөлшері нормадан екі есе көп болды. Қар мен мұздың жиналып қалуына байланысты бүгін Абай көшесі, 84-і үйдің төбесі ішінара опырылып түсті. Айта кету керек, мұнда шатырды жөндеу жұмыстары ешқашан жасалмаған екен. Қазіргі уақытта мамандар үйдің төбесін тексеріп жатыр. Кейін шатырды қалпына келтіру мәселесін тұрғындармен бірлесіп шешетін боламыз, - деп жазды ол.

Шаһар басшысы Петропавлдағы көп қабатты үйлердің біразы салынғалы жөндеу жұмыстарын көрмегенін де тілге тиек етті.

Қаладағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің негізгі бөлігі 80-жылдары салынған. Біразында жөндеу жұмыстары осы күнге дейін жүргізілмепті, үйдің жай-күйіне меншік иелері тарапынан тиісті назар аударылмаған. Сондықтан осы сынды апатты жағдайларды болдырмау үшін шатырларды қар мен мұздан уақтылы тазарту қажеттігін атап өткім келеді, - деді әкім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға