Жаңалықтар

Петропавлда көлік жөндеу орталығы отқан оранды

Петропавлда көлік жөндеу орталығы отқан оранды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 27.02.2024 01:42 435

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында көлік жөндеу орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт кезінде зардап шеккен адамдар туралы дерек тіркелмеді. 

Петропавлда «Айман» автосервис орталығы өртенді. Алдын ала болжам бойынша өрт аумағы 230 ш.м. Өртті сөндіруге СҚО облысының ТЖД жеке құрамының 35 адамы мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылған. Өрт сағат 00.07 оқшауланды. Өрттің аумағы алдын ала аумағы 370 ш.м. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға