Жаңалықтар

Петропавлда көлік аялдамаға соғылып, үш адам зардап шекті

Петропавлда көлік аялдамаға соғылып, үш адам зардап шекті
Фото: © Polisia.kz 27.05.2023 05:22 528

Петропавлда көлік аялдамаға соғылып, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны Honda Fit маркалы көлік құралын басқарып келе жатып Lifan маршруттық автобусымен соқтығысқан. Соқтығыстан кейін Honda Fit автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, ішінде автобусты күткен азаматтар тұрған Жамбыл көшесіндегі аялдама павильонына барып соғылған.

Жедел жәрдем қызметкерлері түрлі медициналық мекемелерге үш адамды жеткізді. Тексеру нәтижелері бойынша зардап шеккен әйелдердің бірі облыстық ауруханаға жатқызылды. Жүргізушілерге медициналық тексеру жүргізілді, алдын-ала мәліметтер бойынша, екі жүргізуші де мас емес. Көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды, - делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, анықтау жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға