Жаңалықтар

Петропавлда казак мәдениетінің V облыстық фестивалі өтті

Петропавлда казак мәдениетінің V облыстық фестивалі өтті
12.12.2018 10:47 1552

Петропавл қаласының Достық үйінде «Сібір казактарының бауырластығы» қоғамдық бірлестігі «Казачка күні» атты казак мәдениетінің бесінші облыстық фестивалін ұйымдастырып өткізді.

Махаббат, отбасы, патриотизм туралы әндер шырқалды. Көрермендерге лық толы болған зал әртістерге қол шапалақтап қана қоймай, олармен бірге қосылып ән де шырқады. Жерлестердің авторлық әндері де орындалды.

Іс-шара аясында Солтүстік Қазақстан облысы аудандары казачкаларының қолдан жасаған бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Фестиваль соңында шығармашылық ұжымдар мен қолөнер шеберлері дипломдармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға