Жаңалықтар

Петропавлда өңірлік семинар-тренинг өтті

Петропавлда өңірлік семинар-тренинг өтті
20.05.2018 12:53 1661

16-18 мамырда Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Орталық-Азия өңірінде этникоарылық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерделеу Орталығымен ұйымдастырылған «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім және жалпыұлттық келісім саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуы» тақырыбы бойынша өңірлік  семинар-тренинг  өткізілді.

Тренингке үш өңірдің: Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының өкілдері қатысты. Қатысушылардың контингенті этносаралық және конфессияаралық қатынастармен айналысатын, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатпен мемлекеттік қызметшілер, дін істері жөніндегі, тілдерді дамыту, жастар саясаты, ішкі істер бөлімдері, өңірлік ассамблея хатшылықтарының меңгерушілері мен мамандары, өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және т.б. болды.

Барлық сөз сөйлегендердің сөз тиегі әрине семинардың негізгі  идеясы, қоғамдық сананы жаңғырту негізінде білімді, рухани-адамгершілікті қоғамды қалыптастыру.

Өңірлік семинарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі-ҚХА Төрағасының орынбасары  – Прокопенко Леонид Андреевич ашты. Ол иедеология, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаты, ҚР Президенті ұсынған 5 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға даяйындық туралы айтып берді.  

Осылайша, тыңдаушылардың кәсіби білімдері мен машықтарын  арттыру мақсатында «Төртінші өндірістік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына, сонымен қатар ҚХА XXVI сессиясында қойылған міндеттерге сәйкес қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясат технологияларын арттыру болды.

Семинар аясында этносаралық қатынынасқа, экстремизмге, терроризмге, БАҚ қызметіне, сайлау жүйесіне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

Семинар-тренингтің профессорлық-ұстаздық құрамына атақты ғалымдар, қоғам қайраткерлері, көптеген жылдар бойы осы мәселелермен айналысқандар болды. Олар семинар қатысушыларымен өз білімдерімен бөлісті, тақырыптық сюжеттерді көрсетті, ақпараттық буклеттер, кітаптар, әдістемелік құралдар, тұсаукесерлер және т.б. таратты.

Лекциялардан басқа қызықты және танымдық тренингтер ұйымдастырылды. Осылай, ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі Комиссия мүшесі, WLP жаттықтырушыларының Глобальды командасының мүшесі, адами ресурстар бойынша саапшы Наби  Г.А. тренингтер және ойын  технологиялары арқылы, «өмір», «бақыт», «намыс» дегеннің не екендігін көрсетті.

Сонымен қатар этносаралық жағдайды зерделеу үшін ұйымдастырушылар фокус-топтарда зерттеулер өткізді.

Өңірлік семинар-тренинг соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға