Жаңалықтар

Петропавлда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды

Бұл туралы Рolisia.kz мәлімдеді
Петропавлда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды
Фото: polisia.kz 18.02.2023 22:00 704

Батыр Баян көшесінде ВАЗ-21074 және BMW автомашиналары соқтығысып, одан кейін ВАЗ автомашинасы жарық бағанына соғылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

ЖКО салдарынан 64 жастағы жүргізуші және 60 жастағы ВАЗ автокөлігіндегі жолаушы зардап шекті. Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді.

ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Жиналған материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Петропавл қаласы ПБ-ның әкімшілік полиция бөліміне берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға