Жаңалықтар

Петропавлда бүтін бір отбасын қырып салған

Петропавлда бүтін бір отбасын қырып салған
Фото: © Polisia.kz 29.12.2023 09:43 2434

Петропавлда бүтіндей бір отбасыны өлтіріп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктілер ізін суытпай ұсталды.

Жұмысшылар ауылында үш адамның денесі табылды: ер адам, оның әйелі және 17 жастағы ұлы.

Қанды қол қылмыскер мұндайға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Полиция қызметі бұл отбасының жерлеу рәсіміне қатысты кәсібі болғанын айтады.

Көп ұазамай күдіктер қолға түскен.

Полицейлер Петропавлдың екі тұрғынын жедел анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Іс ҚР ҚК-ның 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, - деп делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға