Жаңалықтар

Петропавлда бес көлікті тонаған екі жігіт ұсталды

Петропавлда бес көлікті тонаған екі жігіт ұсталды
Фото: kaz.elorda.info 16.02.2023 16:37 632

Петропавлда бес көлікті тонаған екі жігітке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда 18 және 28 жастағы екі жігітке қатысты шыққан үкім күшіне енді. Жастар көлікті тонауға қатысты 5 іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Қылмыскерлер түнде әрекет еткен. Негізінен иелері есіктерін жабуға ұмытып кеткен автокөліктердің ішіне кірген. Екі жағдайда машиналардың терезесін сындырып, ішке енген. Олар көлік салонында, жүксалғыштарда қалдырылған заттарды алып кетіп отырған. Тоқсан би көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында қаңтарылып тұрған «BMW» автокөлігінен қаскөйлер 12 мың теңге салынған әмиянды, банктік карталар мен көлікті тіркеу куәлігін қолды қылған», деді Петропавл қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Нұржан Омаров.

Бес істің төртеуі тамыздың 31-не қараған түні жасалған. Көлік ұрылары мас күйде болғаны анықталды.

Қыркүйек айының басында күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Екеуі де бұрын сотталған. Кішісі бұған дейін кәмелет жасына жетпей тұрып, қылмыстық әрекеттерге барған. Сот оған 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі, ал жанындағы сыйбайласына 4 жылға бос бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

«Автокөлік иелеріне салонда құнды заттар мен құжаттарды, ақшаны қалдырмауға кеңес береміз. Автокөлікке мүмкіндігінше дабыл құрылғысын орнатқан жөн. Егер күзетілетін көлік тұрағы болмаса, машинаны түнгі уақытта жарық түсіп тұратын жерге қойған дұрыс. Сондай-ақ көппәтерлі үйлердің аулаларында бейнебақылау камераларын орнатудың да тиімділігі бар. Олар автокөліктерде жасалған ұрлықтарды «ізін суытпай» ашуға көмектеседі. Сонымен қатар ұрыларда келмейді», деді Нұржан Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға