Жаңалықтар

Петропавлда қазақтың мәдениеті мен салтын терең зерттейтін «Qazaqtany'» мектебінің тұсаукесері өтті

Петропавлда қазақтың мәдениеті мен салтын терең зерттейтін «Qazaqtany'» мектебінің тұсаукесері өтті
12.09.2018 11:02 1790

 

Петропавлдағы Достық үйінде «Qazaqtany'» мектебінің тұсаукесері өтті.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов мерекелік лентаны кесіп, салтанатты түрде «Qazaqtany'» мектебінің ашылу рәсімін өткізді. Дәстүр бойынша қонақтарды «Шашу» рәсімімен және ең ізгі тілектер жазылған «Той бастар» берумен қарсы алды.

Мектеп аясында 5 бөлім бөлінген:

«Асыл мұра» - қазақ халқының ең жарқын және қызықты салт-дәстүрлерімен таныстырады.

«Qazaq time» - қазақ тілін, күнделікті қолданылатын ортақ сөздерді қолдануға үйретуге арналған.

«Халық мұрасы» - тыңдаушылар қазақ халқының негізгі қолданбалы өнері мен шеберлімен танысады.

«Ас дәмді болсын!» - ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шебер-класстар өткізу көзделген.

«Ұлттық ойындармен танысайық!» - интерактивтік бөлім, әртүрлі ұлттық ойындарды ойнау машығын қалыптастыруға үйретеді: «Қыз қуу», «Алтыбақан», «Тоғыз құмалақ» және басқалар.

Жобаның ерекшелігі - тек қана дәстүрді, тарихты, тілді ғана оқып қоймай, интерактивтік сабақтар өткізу негізінде қазақ халқының мәдениетіне толығымен ену болып табылады.

«Qazaqtany'» мектебі аясында сабақтарды апта сайын, жұма күні Достық үйі негізінде өткізу жоспарлануда, онда арнайы барлық жағдайлар жасалған: қазақ киіз үйі стилінде кабинет жабдықталған, шебер-сыныптар үшін  түрлі көрнекі материалдар әзірленген, «Qazaqtany'» тұжырымдамасы мен бағдарламасы әзірленген.

«Qazaqtany'» - қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салтын, дәстүрін, философиясын насихаттауға арналған бірегей жоба мектеп этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының көшбасшылары үшін ұйымдастырылды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға