Жаңалықтар

Петропавлда «Қазақтану» мектебінде алғашқы сабақ өтті

Петропавлда «Қазақтану» мектебінде алғашқы сабақ өтті
19.09.2018 10:02 1652

Петропавлдағы Достық үйіндегі «Қазақтану» мектебінде «Асыл мұра» бөлімі аясында бірінші сабақ өтіп, тыңдаушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты.

Сабақтың басты мақсаты курс тыңдаушыларын күрделі емес, бірақ қызықты «Қазақстан-ортақ үйіміз» сынақ-квестін өткізуден басталды.

Барлық қатысушылар екі командаға бөлініп, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін қаншалықты хабардар екенін анықтауға бағытталған логикалық және интеллектуалдық тапсырмаларды орындады. 

Олар ребустар мен сөзжұмбақтар шешті, пазлдарды құрастырып, жұмбақтарды шешті және соңында арнайы карта бойынша өзінің кішіпейілдігі мен құрметін білдірумен қазақ тілінде амандасу салтын көрсетті.

Өз кезегінде «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы» Солтүстік Қазақстан филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанкелді Тәжин қазақтардың «Амандасу» дәстүрі туралы кеңінен айтып берді.

Осыдан басқа, барлық қатысушылар Асату» рәсімін өткізу арқылы «Қазақтану» мектебінің тыңдаушылары қатарына қабылданды. Қонақтар ақсақалдың қолынан дәстүрлі қазақтың тағамы бауырсақтан ауыз тиді. Сонымен қатар әрбір адамға  имидждік өнім – «Қазақтану» логотипі бар жейде, блокнот, қаламсап және төсбелгі – сыйға тартылды.

Соңында «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбақша Мұсабаева «Менің тілектерім» тренингін өткізіп, оның барысында барлық қатысушылар бір-біріне ең жақсы ізгі тілектерін айтты.

Тыңдаушылар ретінде этномәдени орталықтарының, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері қатысты.

«Qazaqtaný» мектебі – бұл дегеніміз қазақ халқының бай тарихына, оның мәдениетіне, тіліне көз жүгірту мүмкіндігі; ионың ұлттық бастауын зерделеу; жалпы қазақстандық  бірегейліктің жұмылдырушы күшін одан әрі нығайту.

Мектеп бағдарламасы Қазақстан халқы Ассамблеясы бастаған «Қазақтану» жобасына сәйкес дайындалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға